×

Жетісу облысында биткоин сатып алмақ болған тұрғын ақшасынан айырылды

Полицейлер жәбірленушіге ақша айырбастауға «көмектескен» жас әйелді анықтады

 Динара Амантай 28.08.2023 | 17:37
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында криптовалюта сатып алмақ болған тұрғын ақшасынан айырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Текелі қаласының 46 жастағы тұрғыны 2 миллион теңгеден аса ақшасынан айырылып қалғаннан кейін полицияға арыз қалдырған. Ер адам интернеттегі жарнама бойынша биткоин сатып алмақ болған. Алайда ол алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Полицейлер жәбірленушіге ақша айырбастауға «көмектескен» жас әйелді анықтады.

Қазір Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының тұрғыны іс материалдарында күдікті ретінде танылды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 190-бабына («Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену») сәйкес жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама