×

Жақсыбек Құлекеев жаңа қызметке сайланды

Оқу-ағарту министрлігі жанынан жаңа кеңес құрылды

 Дәурен Ерболат 25.08.2023 | 11:38
Жақсылық Құлекеев, фото: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрлігі жанынан республикалық ардагерлер кеңесі құрылды. Кеңес төрағасы болып экс-министр Жақсылық Құлекеев сайланды. Бұл туралы республикалық тамыз кеңесінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Отандық білім беру саласына еңбегі сіңген, беделді азаматтардың басын қосып, Оқу-ағарту министрлігі жанынан Республикалық ардагерлер кеңесін құрдық. Кеңес мүшелерінің ашық даусымен белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы Кеңес төрағасы болып сайланды, - деді Ғани Бейсембаев.

Ғани Бейсембаев мұндай кеңестер еліміздің әр өңірінде құрылуға тиіс екенін айтты.

Жақсылық Құлекеев әр жылдары Ұлттық статистика агенттігінің төрағасы, Экономика министрі, Экономика және сауда министрі, Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, Білім және ғылым министрі лауазымдарын атқарған.

2008 жылдың сәуір айында Жақсыбек Құлекеев («Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын басқарған тұста) 100 мың доллар көлемінде пара алды деген айыппен қамауға алынған болатын. Қызмет бабын асыра пайдалана отырып жасаған заңсыздықтары үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

2009 жылдың қазан айында Алматы қаласының Жетісу аудандық соты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Жақсыбек Құлекеевті мерзімінен бұрын шартты түрде босату жөнінде шешім шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама