×

Абай облысында заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 25.08.2023 | 09:38
Фото: Halyq Uni

Абай облысында заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ведомствоның Абай облысы бойынша департаменті облыстық прокуратураның үйлестіруімен «Sport Bar» атауымен букмекерлік кеңсе атын жамылған заңсыз ойын бизнесінің қызметін тоқтатқан.

«STOP Ойын» шарасы аясында облыстық полиция департаментінің «Арлан» арнайы жасағымен бірлесіп, Семей қаласында екі мекенжай бойынша банкноттарды қабылдайтын және қолма-қол ақшалай ұтыс беретін терминалдар, компьютерлер, ақша және т.б. заттай айғақтар тәркіленіп алынды. Бір топ азаматтың алдын ала келісімімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді ҚМА ресми өкілі Әділ Әбілов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Айта кетсек, ҚР «Ойын бизнесі» туралы Заңына сәйкес, бәс тігуді немесе жүлде беруді қолма-қол ақшамен іске асыратын букмекерлік кеңселер мен лотереялардың кассалары тек қана Алматы облысының Қапшағай су қоймасы жағалауында және Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағында орналастырылуға тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама