×

Жетісу облысында жол апатынан зейнеткер қаза тапты

Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді

 Динара Амантай 24.08.2023 | 15:15
Фото: astanatv.kz

Жетісу облысында көлік аударылып, зейнеткер жүргізуші қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметінің мәліметінше, жол апаты Ескелді ауданында болған. Жергілікті маңызы бар Көксу – Балпық би – Қарабұлақ – Қайнарлы тас жолының 34-шақырымында LADA Largus автокөлігі аударылып, оқиға орнында 64 жастағы зейнеткер қаза тапты.

Көлік салонында болған екі ер кісі және екі әйел түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Медициналық тексеруден кейін екі адамға амбулаториялық ем тағайындалып, тағы екеуі ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама