×

Қазақстанда 1,1 млн оқушыға орын жетпеуі мүмкін

Енді білім ордалары бірыңғай стандарт бойынша салынады

 Дәурен Ерболат 24.08.2023 | 12:40
фото: Halyq Uni

2026 жылы елімізде оқушылардың саны 4,5 млн-ға жетіп, 1,1 млн балаға мектепте орын жетпеуі мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі қаржы және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, қазір республикада 7 700-ге жуық мектеп жұмыс істеп тұр. Онда 3,9 млн оқушы білім алады.

Орта білім беру саласында ең өзекті мәселе – оқушы орындарының үнемі жетіспеуі. Әсіресе, бұл мәселе ірі қалаларға қатысты. Статистикаға жүгінсек, тәуелсіздік жылдары мектептер 1,6 мыңға қысқарған. 2026 жылға дейін оқушылар контингенті 4,5 млн балаға өседі, ал оқушы орындарының тапшылығы 1,1 млн-ға жетуі мүмкін деген болжам бар, - деді Ғалымжан Молдаш Астанада өтіп жатқан Тамыз кеңесінде.

Бұл күрделі мәселені шешу үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске қосылған.

Ондағы негізгі міндет:

  • Құрылыс жабдықтарымен жабдықтаудың бірыңғай стандартын қолдану;
  • Оқушылар мен педагогтер үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау;
  • Білім беру қызметтерінің сапасын арттыру.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама