×

2023 жылғы магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі шықты

Мемлекеттік грант конкурсына 14 612 адам қатысқан

 Халық үні 23.08.2023 | 15:58
Фото: ҚР Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылғы магистратура бойынша грант игерелерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тізімді мына жерден көруге болады.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды.

Ал жоғары оқу орындарына қабылдау 2023 жылғы 28 тамызға дейін жалғасады.

Бұған дейін 2023 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 94 мың талапкер құжат тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама