×

Бүгін магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланады

8 мыңнан аса үміткер мемлекеттік грант иегері атанды

 Халық үні 23.08.2023 | 11:00
фото: Болат Шайхинов

23 тамызда магистратура бойынша грант игерелерінің тізімі жарияланады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша, магистратураға білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды. Грант иегерлерінің тізімі сағат 15:00-17:00 аралығында жарияланады.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында Парламент депутаттары, министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды, - делінген ақпаратта.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды.

Ал жоғары оқу орындарына қабылдау 2023 жылғы 28 тамызға дейін жалғасады.

Бұған дейін 2023 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 94 мың талапкер құжат тапсырды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама