×

Отандық кәсіпорындардың жартысына жуығында жұмысшылар жазатайым оқиғалардан сақтандырылмаған

Еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге 125 мыңнан астам хабарлама жолдады

 Динара Амантай 22.08.2023 | 12:36
Фото: Halyq Uni

Өндірістегі жазатайым оқиға кезінде жұмысшылардың құқықтарын қорғауды іске асыратын тиісті шарттар кәсіпорындардың жартысына жуығында жасалмаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 3,2 млн-нан аса жұмысшы өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандырылған. Өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды іске асыратын тиісті шарттар кәсіпорындардың 53,1 пайызында жасалған.

Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың осы бағыттағы жұмысты күшейту туралы тапсырмасына сәйкес, өңірлердің мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі туралы 125 мыңнан астам хабарлама жолдады. Тиісті шарттардың болмауы осы кәсіпорындарды тиісті тексерулер жүргізу үшін профилактикалық бақылау тізімдеріне автоматты түрде қосу үшін негіз болады.

Министрлік Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті екенін еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама