×

Әйел күйеуінің тегіне ауысқаны дұрыс па - ҚМДБ өкілі жауап берді

Әр адамның өз тегінде қалуы қасіреттен сақтайды

 Халық үні 21.08.2023 | 21:53
фото: Pixabay / Mabel Amber

Тегінді ауыстыр. Кей азаматтар шаңырақ көтерген соң әйеліне осылай дейді. Бірақ, әрине, көпке топырақ шашпаймыз. Бәрі бірдей емес. Жалпы қыз бала отбасын құрған соң фамилия ауыстыруы қаншалықты дұрыс? Шариғатта қалай? Бұл туралы Астана арнасы арнайы сюжет дайындады. 

Сымбат Ертаеваның тұрмыс құрғанына 3 жылдан асқан. Алғашында күйеуі тегін берген. Бірақ, ол бұған қарсы болды. Кейін балалы болғанда ойым өзгерді дейді.

Жұбайымның ұсынысымен тегімді ауыстыруға келіп отырмын. Бұрын үйленген уақытымызда бізде жұбайымның тегіне өтуге кішкене қарсы болған едім. Қазір балалы болғаннан кейін барлығымыз бір текте болу үшін осы жұбайымның тегіне өтуге келісім бердім, - дейді қала тұрғыны

Фамилия ауыстыру қиын емес. Халыққа қызмет көрсету орталығына өзіңізбен бірге жеке куәлік пен неке куәлігін апарасыз. Құжат құны- 690 теңге. Күйеуінің тегіне өту үшін күніне шамамен 5-6 адам келеді дейді мамандар.

Міндетті емес жұбайымен бірге келу. Жалғыз өздері келсе қолыңда құжаттары болса, жұбайының тегіне өту туралы неке куәліктері болса, бұрынғы жеке куәліктері болса жетіп жатыр. Құжаттар 15 жұмыс күн аралығында дайын болады. Оны тездететіндер бар бір күндікі 5 мың теңге, үш күндікі 2700 теңге, - дейді Нұра аудандық ХҚКО маманы Кенжегүл Жақанова. 

Тұрмыс құрған қыздың тегін ауыстырғанымен келіспейтіндер де бар. Халықтың пікірі екіге жарылды.

ҚМДБ мамандары әйел өз тегінде болғаны жөн дейді. Егер сол әулетті таныту мақсатында болса ғана рұқсат. 

Енді ол түбегейлі тегінен бастап немесе жанағы әкесінен бас тарту деген жоқ. Тек қана өзің сол текке өтіп соны таныту үшін ғана. Бұл жері нақты таныту бойынша шариғатқа қайшы келмейді. Ал, өзінің тегінен, әкесінен атынан бас тартып жоқ оны мойындамай ауысам десе дұрыс болмайды. Ең дұрысы сол өз тегін ауыстырмаған жақсы, - дейді ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Ерғали Байділдаев. 

Ең бастысы, күйеуінің фамилияңды ауыстыр деп әйелін үгіттеуге қақысы жоқ. Ол өз қалауы. Ал әр адамның өз тегінде қалуы қасіреттен сақтайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама