×

«Бұл жерде кім болғаның маңызды емес»: сотталған әйел түрмеде экс-министрлерді кездестірген (ВИДЕО)

Оларды костюмсіз тану қиын болған

 Дәурен Ерболат 21.08.2023 | 11:30

Қазақстан түрмесінде жазасын өтеген Гүлзада Сәлім тергеу изоляторында танымал шенеуніктерді қалай жолықтарғанын айтты, деп хабарлады Halyq Unі тілшісі.

2016-2017 жылдары Гүлзада Сәлім Астанадағы тергеу изоляторында отырған. Сосын ол рақымшылыққа ілігіп, мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.

«Бәйтеректің» (Baiterek Development – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің сол кездегі еншілес компаниясы) барлық қызметкері сонда (изоляторда) болды. Мен бәрін көрдім. Қуандық Бишімбаев (бұрынғы Ұлттық экономика министрі) бар. Сондай-ақ Талғат Ермегияевты (Мәдениет және спорт экс-министрі, Astana EXPO-2017 ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы) бір жақтан алып келгені есімде. Менің ойымша, тағы Ауыл шаруашылығы немесе Энергетика министрі де болды. Сіз бұл жерге (изоляторға) кіргенде кім екеніңіз маңызды болмай қалады. Сіз жай ғана тұтқын боласыз. Мұнда қарапайым трико мен кроссовкамен жүреді. Костюмдері жоқ. Сондықтан сіз түріне қарап, ешкімді тани алмайсыз, - деді ол «Голос Народа» Youtube арнасы берген сұхбатында.

Гүлзада Сәлім «темір тордың арғы жағында» үйсіз немесе министр болғаның маңызды емес деген пікірде. Онда бәрі бір үстелде отырып тамақтанады, бір камерада ұйықтайды.

Онда сізге үлкен құрмет көрсетілмейді. Онда кім болғаның маңызды емес. Түрме – эгоңды тәрбиелеуге арналған жақсы орын. Аға, көке, Арман Серікұлы, Асқар Мұратұлы немесе Гүлзада Сәлімқызы деу мұнда жоқ. Сіз онда сотталғансыз не тергеудің жүргізілуіне байланысты қамауға алынғансыз. Кім екеніңізге қарамастан сіз міндетті түрде қабырғаға қарайсыз, - деді сотталған әйел.

Ол түзету мекемесінде темірдей тәртіп орнағанын атап өтті.

Таңғы 6-да ояну міндетті. Сіз ұйықтай алмайсыз. Егер сіз төсекке жатсаңыз, онда жазаланасыз. Қарауылшы жасақ (конвой) міндетті түрде ескерту жасайды. Олар 15-20 минутқа ұзақ ұйықтады деп рапорт бере салады. Бұл заңбұзушылық болып саналады. Әскердегідей тәртіп бар. Таңғы 6-да тұрасыз, нешеде жатқаныңыз маңызды емес, бірақ кешкі 10-да ұйықтауға міндеттісіз. Не істеп жатқаныңыз да маңызды емес, - деп түйіндеді сөзін Гүлзада Сәлім.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама