×

Балқашта жантүршігерлік жол апаты болды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

 Динара Амантай 19.08.2023 | 09:45
Фото: polisia.kz

Балқашта жол апаты болып, салдарынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 6:00 шамасында Балқаш – Приозерск тасжолында, Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді.

 Салдарынан 9 адам оқиға орнында қаза тапты. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деді Балқаш қалалық ПБ-ның бастығы Айткен Кадрин.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама