×

Тасжолда көліктің доңғалағы жарылуы салдарынан 3 адам қаза тапты

Көліктің жүргізушісіне қатысты тергеу басталды

 Динара Амантай 18.08.2023 | 15:15
Фото: stan.kz

Түркістан облысында жол апатына ұшыраған Toyota Alphard көлігінің жүргізушісіне қатысты тергеу басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 05:00 шамасында Шымкент – Самара тасжолының 58-шақырымында жол апаты болған. Анықталғандай, Алматыдан Қызылордаға бет алған Армения нөмірлі Toyota Alphard автокөлігінің артқы доңғалағы жарылып, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылып кеткен. Салдарынан 3 адам көз жұмды (2 адам оқиға орнында қаза тапса, біреуі ауруханада қайтқан). Тағы 3 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ тексеру барысында көлік доңғалағының қыс мезгіліне арналғаны, яғни жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны анықталды. Одан бөлек, техникалық жағдайы төмен дегейде (ескі) болған. Оқыс оқиға болмас бұрын жүргізушіге Түркістан, Жамбыл облыстарының патрульдік полиция қызметкерлері жолда сақ болуын, жылдамдықты асырмауын, егер шаршаған жағдайда аялдап, тынығып алуын ескерткені белгілі болды, – делінген ПБ хабарламсында.

Қазір аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама