×

Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте қаза тапты

Сотқа дейінгі тергеу басталды

 Динара Амантай 17.08.2023 | 11:09
Фото: видеодан скриншот

Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін 00:05 шамасында Алтынсарин және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында 22 жастағы жүргізуші ВАЗ 21099 автокөлігімен Алтынсарин көшесінде келе жатып, солға бұрылған кезде 24 жастағы жүргізушінің басқаруымен қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігіне жол бермеген. Салдарынан ол 31 жастағы жүргізуші тізгіндеген Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан Toyota-ның жүргізушісі мен ауруханаға жеткізілген жолаушы зардап шекті. Сондай-ақ көлікте 3 айлық нәресте болған. Ол алған жарақаттың ауырлығына байланысты сол жерде қаза тапты. Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы да ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама