×

Елімізде ер адамдар қанша жаста үйленеді – Қызықты статистика жарияланды

Қазақстанда қанша ер азамат бар екені де белгілі болды

 Халық үні 07.05.2022 | 11:00
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросы еліміздегі ерлер бойынша ақпарат жариялады.

2021 жылғы мәліметке сәйкес, елімізде 9,2 миллион ер адам бар. Олардың ең көбі Түркістан облысында – 1,05 миллион, ең азы Солтүстік Қазақстан облысында тұрады – 257 мың ер азамат.

Ерлердің 57%-ы – қалада, 43%-ы – ауылды жерде тұрады екен. Қазақстандағы еркектердің орта жасы – 30,2, үйленген азаматтардың орта жасы – 27,9, – дейді бюро.

Бұған дейін елімізде қазақтардың үлесі 69,6% болғанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама