×

Елімізде қазақтардың үлесі 69,6% болды

Басқа ұлт өкілдерінің де саны белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 28.04.2022 | 17:59
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросы 2022 жылдың басындағы демографиялық статистиканы ұсынды. Мәліметке сай, қазақтардың жалпы саны 13,3 млн адамнан асты.

Еліміздің этникалық құрамында қазақтардың үлесі тұрақты түрде өсіп келеді. Бір жылда қазақтардың үлесі тағы шамамен 0,6%-ға өсіп, 2022 жылдың басында 69,59% құрады.

Тәуелсіздік жылдарында республикада қазақтар саны шамамен екі есе, олардың үлесі сияқты - 40,1%-дан (1989 жылғы Кеңес Одағындағы соңғы халық санағының деректері) 69,59%-ға дейін өсті.

Былтыр күзде жүргізілген ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі бойынша, Қазақстан халқының саны 19 169 550 адамға жеткен. Ол кезде қазақтардың үлесі 70,18құраған еді. Ал 2009 жылғы халық санағында қазақтардың үлесі 63,1% болған.

Қазақтар ең көп тұратын өңірлер: Қызылорда облысы (96,54%), Атырау облысы (93,01%), Маңғыстау облысы (91,57%). Қазақтар еліміздің барлық өңірінде басым. Тек Солтүстік Қазақстанда аз (35,75%) тұрады.

Ал басқа ұлттарға келсек, қазақтардан кейінгі ең көп ұлттар: орыстар (17,94%) мен өзбектер (3,34%).

Өткен жылы бірнеше этнос саны өскен. Олар: өзбек, ұйғыр, әзербайжан, түрік, дүнген, тәжік.

2021 жылы еліміздегі басқа этностар саны мен үлесі азайды. Олар: орыс, украин, неміс, беларус, татар, корей, поляк.

2022 жылдың басындағы Қазақстан халқының этностар саны:

Барлық ұлттар – 19 122 423 адам, қазақтар – 13 306 445, орыстар – 3 429 747, өзбектер – 637 880, ұйғырлар – 283 102, украиндар – 247 434, татарлар – 197 489, немістер – 171 922, әзербайжандар – 116 670, түріктер – 116 218, корейлер – 107 569, дүнгендер – 78 199, тәжіктер – 53 359, беларустар – 50 493, күрдтер – 48 642, шешендер – 33 836, поляктар – 28 484, башқұрттар – 16 445, басқалар – 198 489.

2022 жылдың басындағы Қазақстандағы этностар үлесі:

Қазақтар – 69,59%, орыстар – 17,94%, өзбектер – 3,34%, ұйғырлар – 1,48%, украиндар – 1,29%, татарлар – 1,03%, немістер – 0,90%, түріктер – 0,61%, әзербайжандар – 0,61%, корейлер – 0,56%, дүнгендер – 0,41%, тәжіктер – 0,28%, беларустар – 0,26%, күрдтер – 0,25%, шешендер – 0,18%, поляктар – 0,15%, башқұрттар – 0,09%, басқалар – 1,04%.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама