×

Шымкентте жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

 Динара Амантай 16.08.2023 | 15:45
Фото: видеодан скриншот

Шымкентте жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін түнгі сағат 03:00 шамасында Абай даңғылы бойында Opel vectra автокөлігі мен Yamaha мотоциклі соқтығысқан. Салдарынан мотоциклдің 28 жастағы тізгіндеушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал Opel жүргізушісі мен 3 жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайтты Шымкент қаласының ПД анықтау басқармасы ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, – делінген хабарламада.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама