×

ІІМ Шымкенттегі гүл дүкенін тонаған күдіктінің полиция инспекторы болғанын растады

Оқиғаның видеосы әлеуметтік жарияланды

 Дәурен Ерболат 15.08.2023 | 12:17
фото: Facebook/Шымкент қаласы ПД

Шымкенттегі гүл дүкенінде күш көрсеткен ер адам полиция қызметкері болған. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев растады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Иә, оның прокуратура қызметкері емес екенін растаймын. Шынымен де дүкеннен гүлді тартып алған адамның учаскелік полиция инспекторы болғанын растаймын, - деді Марат Қожаев.

Айта кетейік, Шымкенттегі гүл дүкенінде ақ жейде киген ер адам сатушыны қорқытып, гүл тартып алған. Полицияның дерегінше, бұл оқиға 8 тамызда болған.

Бастапқыда әлеуметтік желіде гүл ақысын төлемей, қоқан-лоқы көрсеткен ер адамның «прокурордың ұлы» екені айтылған еді. Алайда, видео тараған күні Шымкент қаласының прокуратурасы мәлімдеме жасап, «гүл дүкенінің жұмысшысын ұрған адам прокуратурдың ұлы» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама