×

Шымкенттегі гүл дүкенін тонаған азамат облыс прокурорына туыс болмай шықты

Ер адам заң алдында жауап берді

 Дәурен Ерболат 10.08.2023 | 15:36
Фото: Tengrinews.kz

Бас прокуратура Шымкенттегі гүл дүкенін «облыс прокурорының ұлы» тонады деген ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 8 тамызда әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та Romantic гүл дүкенінің жұмысшыларына күш көрсеткен адам «прокуратура қызметкерінің ұлы» деген ақпарат жарияланды.

Оның прокуратураға ешқандай қатысы жоғын және прокуратура қызметкерлерімен туыстық байланысы жоқ екенін хабарлаймыз, - деп жазылған Бас прокуратураның баспасөз қызметі  таратқан хабарламада.

Сондай-ақ жедел іс шаралар барысында құқықбұзушы анықталды. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша хаттама толтырылды.

9 тамызда Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ер адам 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама