×

Түркияда жол апатынан зардап шеккен Қазақстанның бір азаматы әлі ауруханада емделіп жатыр

Жол апатынан Қазақстанның екі азаматы қайтыс болды

 Дәурен Ерболат 14.08.2023 | 17:23
фото: ntv.com.tr

Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың біреуі әлі ауруханада емделіп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көпшілігі Қазақстанға оралды. Біреуі (Түркиядағы) ауруханада емделіп жатыр. Қалғандарының жағдайы жақсы, - деді СІМ ресми өкілі.

Еске сала кетсек, 30 шілдеде Түркияның Алания ауданының Анталья провинциясында Қазақстан туристері мінген автобус апатқа ұшырап, оннан астам адам зардап шеккен. Өкінішке қарай, жол апатына ұшыраған екі қазақстандық алған жарақатынан қайтыс болды. Олардың мәйіті Қазақстанға жеткізілді. 

Шағын автобуста болған қазақстандықтар Түркияға демалуға барған кезде сақтандыру полисін рәсімдеген. Сондықтан медициналық және репатриациялау шығыны сақтандыру компаниясының есебінен төленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама