×

Медина, Айлин, Алихан: Нәрестелерге қандай аттар жиі қойылады?

Мухаммад, Хамза, Айша деген аттар жиілеген

 Бауыржан Мұқанов 13.08.2023 | 15:54
Фото: almatydc.kz

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2023 жылдың маусым айында нәрестелерге ең көп қойыған есімдер төмендегіше: 

Ер балаларға:

  • Алихан – 298 бала;
  • Алдияр – 262 бала;
  • Амир – 240 бала;
  • Омар – 233 бала;
  • Алан – 227 бала;
  • Айсұлтан – 208 бала;
  • Мухаммад – бала;
  • Нұрислам – 182 бала;
  • Хамза – 180 бала;
  • Али – 171 бала. 

Айта кетерлігі, 2021 жылдың маусым айында Алдияр, Амир, Омар деген аттар ол кезде танымал болмаған. Ал Нұрислам, Айсұлтан деген аттар ең көп қойылатын үштікте болған. 

Ал Алинұр, Әміре деген аттар тіпті азая бастады. 

Есесіне Мухаммад, Хамза деген аттар танымал бола бастады. 

Ал Алихан деген ат тұрақты түрде сұранысқа ие.  

Ал қыздар аттарына келер болсақ, ең көп қойылған он есім мынадай: 

  • Медина – 551 бала;
  • Айлин  – 482 бала;
  • Айша  – 452 бала;
  • Асылым – 440 бала;
  • Томирис – 305 бала;
  • Сафия – 284 бала;
  • Раяна – 283 бала;
  • Айым – 266 бала;
  • Амина – 257 бала;
  • Аяла – 246 бала. 

Айта кетерлігі, Медина, Айлин есімдері екі жыл бұрынғыдай тізімнің басында болса, Айым, Амина аттары үздік ондықта.

Екі жылда Айша есімі көбірек қойыла бастайтын болған.  

Раяна, Аяла есімдері жиі қойыла бастаса, Айзере деген ат тіптен азайып кетті. Оның орнына үздік ондыққа Сафия келді.

Жалпы, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 189,5 мың бала дүниеге келді (98 мың ұл, 91,5 мың қыз). 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама