×

Қазақстанда мобильді интернет тарифі қымбаттауы мүмкін бе?

Қазақстандағы байланыс операторларының басшылары жауап берді

 Дәурен Ерболат 11.08.2023 | 15:37
көрнекі фото: Halyq Uni

Отандық мобильді байланыс операторларының басшылары «Қазақстанда жыл соңына дейін мобильді интернет тарифінің бағасы қымбаттауы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.

Tele2/Altel компаниясының бас директоры Сергей Коньков сауалға нақты жауап беру қиын екенін жеткізді.

Бізде тарифтердің (бағасы) бірден өспейді. Қолданылатын тарифтерге байланысты өсім бар. Маған қазір жауап беру қиын. Кейбір тарифтер монетизация кезеңінен өтті, кейбірі өтпеді. Сондықтан жыл соңына дейін (тарифтердің бір бөлігінің бағасы – авт.) өсуі мүмкін, - деді басшы.

«Beeline Қазақстан» компаниясының бас атқарушы директоры Евгений Настрадин интернет бағасын қымбаттату жоспары жоғын айтты.

Шынымды айтайын, біздің жоспарымызда мұндай жоқ. Сондықтан (жыл соңына дейін мобильді байланыс тарифінің қымбаттауы – авт.) болмайды, - деді ол.

Kcell АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков баспасөз мәслихатына дайындықпен келгенін, бірақ бұл сауалға қазір нақты жауап бере алмайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама