×

Мәдениет министрі Димаш Құдайберген бастаған челленджді жалғастырды

Алексей Цой да «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің 6 шумағын жатқан оқып берді

 Еркеғали Болатұлы 10.08.2023 | 14:00
фото: видеодан скриншот

Қазақстан азаматтары танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «Абай күніне» орай бастаған челленджін қолдап, әлеуметтік желіде ұлы ақынның өлеңдерін оқыған бейнежазбаларын жариялап жатыр.

«Абай күні» қарсаңында Димаш Құдайберген бастаған челленджді қабылдап, барлық достарыма, әріптестеріме, мәдениет, өнер және руханият саласының жанашырларына жолдаймын. Челленджге қатысу үшін Абай Құнанбайұлының кез келген шығармасынан үзінді оқып, #abaychallange хэштегімен желіде жариялауға болады, - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасына.

Осы орайда ол Абай Құнанбайұлының «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқыды.

Армысыздар құрметті қазақстандықтар! Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайберген хакім Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай #Аbaychallenge челленджін бастады. Осыған орай, ұлы Абай атамыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған мәңгілік мұрасынан үзінді тарту етемін, - деген Президент Іс басқармасы медицина орталығының басшысы Алексей Цой да «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің 6 шумағын жатқан оқып берді.

Сондай-ақ Көкшетау қаласындағы Жоғары медицина мектебінде білім алып жатқан пәкістандық студент Faiz Ali «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіре шырқады.

Қазір ол челлендж қарапайым халық арасында да жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама