×

Павлодар облысында өрт кезінде 2 жасар бала қайтыс болды

Сондай-ақ 4 жасар баланы күйік шалды

 Динара Амантай 09.08.2023 | 13:24
Фото: Павлодар обл. ТЖД баспасөз қызметі

Павлодар облысында өрт кезінде 2 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 10:29-да Тереңкөл ауданындағы Береговое ауылында жеке меншік үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнында 2 техника мен жеке құрамның 8 адамы жұмыс істеді. Өрттің ауданы – 80 шаршы метр.

Өрт кезінде 2019 жылғы бала зардап шегіп, 1-2 дәрежелі термиялық күйік алды. Оны ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.  Ал 2021 жылы туған сәби қайтыс болды.  Балалардың анасы аулада болған, – делінген ТЖД хабарламасында.

Көпбалалы отбасы сегізінші баланы күтуде.

Өрт сағат 11:45-те оқшауланып, сағат 12:15-те толығымен жойылды. Оның шығу себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама