×

Түркиядағы жол апаты: 4 қазақстандық әлі ауруханада жатыр

Шығындардың бәрі сақтандыру компаниясының есебінен төленеді

 Дәурен Ерболат 07.08.2023 | 16:56
фото: ntv.com.tr

Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен 4 қазақстандық ауруханада емделіп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Өкінішке қарай, Түркиядағы жол апатынан 2 отандасымыз қаза тапты. Олардың мәйіттері өткен аптада Қазақстанға жеткізілді. Қазір 4 қазақстандық ауруханада ем алып жатыр. Барлық медициналық және репатриациялау шығыны сақтандыру компаниясының есебінен төленіп жатыр», - деді СІМ ресми өкілі.

Министрлік өкілінің айтуынша, отандастарымыз Түркияға демалуға барған кезде сақтандыру полисін рәсімдеген. Сондықтан еш қиындық тумаған.

Қалған 4 адам ауруханада, жанында туыстары бар. Олар көмектесіп, жақын арада тез сауығып, елге оралады деп күтеміз, - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, 30 шілдеде Түркияның курорттық аймағында 12 Қазақстан азаматы мінген шағын автобус жол апатына түсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама