×

Медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана салынып жатыр

Астанада қазір 33 денсаулық сақтау ұйымы бар

 Ая Өміртай 22.07.2023 | 11:28
Фото: Halyq Uni

Білікті кадрларды тарту мақсатында Астана әкімдігі медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана салу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Halyq Uni

Денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған жатақхана «Алматы» ауданында Астана-Қарағанды тас жолының бойында бой көтермек.

Сонымен қатар медициналық ұйымдарда қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік қолдау шаралары қолға алынған. Мысалы, тұрғын үйді жалға алудың ішінара төлемі және екі базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде бонустық төлем, қоғамдық көлікте жол жүру үшін көлік карталарын беру жеңілдіктері қарастырылған, – делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Айта кетелік, астаналық қоғамдық денсаулық сақтау желісінде басқармаға бағынысты 33 ұйым бар. Олардың 16-сы Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін, 11-і стационарлық ұйым (4 363 төсек-орын бар, соның 2 807-сі ересектерге арналған, 1 006-сы балаларға арналған және 550 акушерлік төсек-орын), Жедел жәрдем станциясы және 5 өзге де ұйым бар. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға 1 368 744 тұрғын тіркелген. 

Сондай-ақ, қалада барлығы 2 153 төсек-орнымен қамтылған 7 республикалық және ведомстволық ауруханалар бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама