×

БҚО-да ресейлік жалдамалы алаяқ ұсталды

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 05.08.2023 | 09:09
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 29 шілдеде БҚО ДП “CyberPol” қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралда жалдамалы алаяқты, Мәскеудің 24 жастағы тұрғынын ұстаған. Оның Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.

Күдікті Орал қалалық ПБ-ға қарасты уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама