×

Алматы облысында екі бала каналға батып кетті

Бірі – сегіз, екіншісі – алты жаста болған

 Халық үні 04.05.2022 | 16:00
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында 8 және 6 жастағы екі бала каналға батып кетті. Қайғылы оқиға Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылында болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2014 жылғы қыз бала мен 2015 жылғы ұл баланың денесін тереңдігі 1,5 метр болатын суару каналынан туыстары алып шыққан.

Қараусыз қалған балалар тұрғын үйден 300 метр қашықтықтағы суару каналына ойнап жүріп құлап кеткен.

Жуырда Кентауда екі жасар бала суару каналына құлап кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама