×

Астанада адам көп жүретін аумақтан заңсыз діни әдебиеттер дүкені ашылған

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрақты түрде рейд өткізіп тұратындарын ескертті

 Еркеғали Болатұлы 01.08.2023 | 15:40
фото: kaz.globalnews.kz

Астанада Дін істері комитетінің мемлекеттік стандартына сәйкес келмейтін кітаптарды заңсыз сату фактісі анықталды, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу кезінде «Артем» орталық базарының аумағында уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз әдебиеттер дүкені ашылғанын анықтады.

Аталған факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы («Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, өндіру, шығару, басып шығару және (немесе) тарату») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері экстремистік идеяларды насихаттайтын адамдарды, сондай-ақ тыйым салынған діни әдебиеттерді тарату фактілерін анықтау мақсатында тұрақты түрде жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізіп тұратынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама