Биыл қандастардың жартысынан көбі Өзбекстаннан келген

Халық үні

2022 жылдың басынан бері 4,5 мың этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды

фото: ашық дереккөзден

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, 4 502 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, «қандас» мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 92,4 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,2%) Өзбекстаннан, 9,8% – Қытайдан, 10,4% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан әрі 9,2% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,3%), Маңғыстау (20,1%), Түркістан (10,8%), Жамбыл (6,0%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,8%), Нұр-Сұлтан (6,8%) және Шымкент (7,6%) қалаларына қоныстанды, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 23%-ды, зейнеткерлер 13,9%-ды құрайды. Ал еңбекке қабілетті жастағы қандастар ішінен білім деңгейі бойынша 10,9%-ы – жоғары білімді, 40,7%-ы – орта кәсіби білімді, 46,6%-ы – жалпы орта білімді, ал 1,7%-ының білімі жоқ.

Алматы облысында Қытайдан келген қандастарға жалған құжат жасап берген тұрғын сотталды. Былтыр 17,5 мың этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды. Биыл қанша этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды. Биыл 3 мыңнан астам этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды. Қазақстанның шақыртуымен Шыңжаңнан 20 қазақ отбасы көшіп келді. «Бізбен ешкім сөйлескісі келмейді». СҚО-ға Ираннан келген қандастар кері көшіп жатыр.