×

Биыл жарты жыл ішінде елімізде 345 адам астан уланған

Оның 131-і – бала

 Еркеғали Болатұлы 28.07.2023 | 17:00
фото: youtube.com

Жарты жылда елімізде тамақтан 350-ге жуық адам уланған.

2022 жылы тамақтан жаппай уланудың 39 жағдайы тіркеліп, 712 адам зардап шеккен. Соның арасында 206 бала болды. Ал 2023 жылдың 6 айында осындай 15 жағдай анықталып, 345 адам астан уланған және оның ішінде 131 бала болған. Биыл тамақтан улану салдарынан бір адам көз жұмды, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ҚазАқпаратқа берген жауабында.

Ал былтырғы 6 айда 397 адам тамақтан зардап шеккен. Оның арасында 96 бала бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама