×

Вирус гепатиті: Қазақстанда 31 мыңнан аса адам есепке алынған

Гепатит бауырды ғана емес, бүкіл организмді зақымдайды

 Еркеғали Болатұлы 28.07.2023 | 12:50
фото: stylishbag.ru

Бұл туралы ДСМ бас штаттан тыс гепатолог-гастроэнтеролог дәрігері Күлпәш Қалиасқарова мәлімдеді.

Былтыр жыл қорытындысы бойынша 194 мыңнан аса адам С вирус гепатитін анықтауға серологиялық тестілеуден өткен. Ал 31 642 адам диспансерлік есепте тұрса, 700 адамнан алғаш рет дерт анықталған.

2026 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын дамыту тұжырымдамасында 2022 жылғы 24 қарашадағы Үкімет қаулысымен С гепатитін тоталді скринингтік диагностикалау енгізілген. Гепатит бауырды ғана емес, бүкіл организмді зақымдайды. Адам өміріндегі ең маңызды ағзаның бірі – бауырды вирустық гепатиттен сақтау керек. Гепатиттен болатын өлім жағдайларының алдын алуға болар еді, - дейді гепатолог-гастроэнтеролог.

Сонымен қатар дәрігер қауіпті дерттен сақтанудың жолын атады.

Қауіпсіз вакциналар мен В гепатитін емдеудің тиімді әдістері бар. Сонымен қатар С гепатитін толықтай емдеп шығаратын препараттар да ойлап шығарылды. Сондықтан өздеріңіз бен жақындарыңызды толықтай қорғай аласыздар. Вирусты түрлі жолмен жұқтырып алу қаупі бар. А және Е гепатитінің вирустары тікелей ластанған су, тағам мен лас қол арқылы жұғады. В, С және Д гепатитінің вирустары қан арқылы, сондай-ақ босану кезінде анасынан баласына және қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде беріледі. Егер талап ережелері бұзылса, қан құю кезінде де инфекция жұқтыру қапі жоғары, - деді Күлпәш Қалиасқарова.

Еске сала кетсек, 28 шілде – Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама