×

«Шағымым жоқ»: Түркістан облысында алып қашып келген қалыңдыққа қолхат жаздырған (ВИДЕО)

Полиция бұл факті бойынша дереу тексеру жүргізген

 Еркеғали Болатұлы 26.07.2023 | 17:24
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде қалыңдықтың күліп қолхат жазып отырған видеосы тарады. Видео авторы бұл жайттың Жетісай қаласында болғанын жазған.

Қазір күйеу жігіттің туыстары «Қалыңдықтың ешқандай талабы жоқ және болмайды» деп қолхат жазып беруін сұрайды. Осындай легализация, - деп жазылған видеоның астындағы сипаттамада.

Видеода қолхат жаздырып отырған жігіттің туысы да қалыңдыққа: «Өз неммен келдім деп жазасың, болды. Ешқандай ешкімге нем жоқ дейсің, болды», - деп қояды.

Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі бұл факті бойынша дереу тексеру жүргізілгенін нақтылады. 20 жастағы бойжеткен Асықата ауылының 24 жастағы тұрғынына өз еркімен тұрмысқа шыққан.

Әңгімелесу барысында ол ешкімге шағымы жоқ екенін және ешқандай заңбұзушылықтың болмағанын түсіндірді, - деп мәлімдеді полиция.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама