×

Астананың тұрғыны таныстарын миллиондаған ақшаға алдаған

Күдікті қаражаттың бәрін жұмсап үлгеріпті

 Дастан Жұмабекұлы 26.07.2023 | 15:58
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының тұрғыны өзінің таныстарын ақшаға алдағаны анықталды. Ол Біріккен Араб Әмірліктерінен телефон сататын дүкен ашуды ұсынып, адамдардың ақшасын алған.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, қазіргі уақытта полицияға оннан астам адам алданғаны туралы арыз жазған.  Бірақ алаяқтан зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін.

Астаналық кәсіпкер таныстарының сенімін  пайдаланып, БАӘ-ден телефон сататын дүкен ашамыз деп млн-нан астам теңгені алған.  Мәселен, Сарыарқа ауданының полиция басқармасына арыз жазған қала тұрғыны алаяқтың кесірінен 6,4 млн теңгесінен айырылғанын айтқан, – делінген хабарламада.

 Қазір аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің фигуранты 22 жастағы жігіт болып шықты. Ол қылмыс жасағанын мойындады. Оның Астанада бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама