×

Кішкентай қызды теуіп құлатқан шетелдікті елден шығару қарастырылады

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қазір Алматы облысының ПД-мен байланыста

 Еркеғали Болатұлы 25.07.2023 | 17:45
фото: видеодан скриншот

Қазақстан бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы маңындағы сауда орталығында баланы тепкен Түркия азаматының мәселесі неліктен «Бұзақылық» бабы бойынша қаралатынын түсіндірді.

Оның айтуынша, заңнамада мұндай қылмысқа қатысты арнайы бап жоқ. Сондықтан кінәлі адам «Бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тартылады.

Осыған байланысты біз қазір Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, заңнамаға балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты тиісті баптарды енгізуге кірістік. Жалпы, түзетулер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты әртүрлі саламен байланысты. Заңнамаға ұсыныстар пакетін Парламентке осы күзде беруді жоспарлап отырмыз, - деді Динара Зәкиева.

Ол қазір Алматы облысының ПД-мен байланыс орнатқан. Айтуынша, аталған факті бойынша сот шешімі күшіне енгеннен кейін (жазасын осында өтеген соң) шетел азаматын Қазақстан шекарасынан шығаруға бағытталған сот процесі басталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама