×

Астанада көпқабатты үй тұрғындары жаз шыққалы бері ыстық сусыз отыр

ПИК қазандықты ауыстыру үшін жұрттан бірнеше жылдан бері ақша жинай алмай келеді

 Еркеғали Болатұлы 25.07.2023 | 14:55
фото: ашық дереккөз

Елордада Кравцов көшесіндегі көпқабатты үй тұрғындары жаз басталғалы ыстық сусыз отыр. Себебі жертөледегі су ысытатын қазандық ескіріп, істен шыққан. Ал пәтер иелерінің кооперативі оны жаңасына айырбастаймыз деп, тұрғындардан ақша жинап алған.

Күн ыстықта, әсіресе, балаларды шомылдыру қиын болды, - дейді тұрғындар.

Ал ескірген қазандықты жаңасына ауыстыру үшін кооперативке әр пәтер мақсатты алымдар ретінде 45 300 теңгеден жинап берген. Бірақ ПИК төрағасы тұрғындардың шағымы орынсыз деп отыр. Оның айтуынша, су ысытатын қазандықты ауыстыру үшін бірнеше жылдан бері ақша жинай алмай келеді екен. Тек биыл ғана сең қозғалып, қажетті ақша біртіндеп жиналған.

Тұрғындардың өздері жинай бастады. 4 жылдан бері арттарынан еріп жүргенмін, «бойлерлеріңіз кетеді, кетеді» деп. Cу құбырларын шаю кезінде бойлер атылып кетті. «Теплотранхиттан» техник келіп, суды сараптамаға алды да, пломбасын салып кетті, - дейді Qazaqstan телеарнасына жауап берген ПИК төрағасы Күлмайра Әбдірахманова.

Бойлерді жеткізіп беретін кәсіпкер құрамдауыш материалдарды ертерек жертөлеге әкеп қойған. Төрағаның айтуынша, қазандық ішіндегі кейбір құрылғыларды шетелден тапсырыс арқылы әкелу қажет. Ол да біраз уақытты алған.

Кооператив кәсіпкерге қазандық құнының жартысынан көбін төлеп қойыпты. Қалғанын бойлер орнатылғаннан кейін бермек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама