×

Өскеменде жаппай төбелеске қыздар да қатысқан (ВИДЕО)

Полицейлер 3 күдіктіні ұстады

 Еркеғали Болатұлы 24.07.2023 | 15:38
фото: видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан облысында жедел басқару орталығының бақылау камераларына жаппай төбелес түсіп қалған. Оған қыздардың да қатысқанын көруге болады.

Полицейлер 3 күдіктіні ұстады. Ведомствоның хабарлауынша, 9 шілдеде Өскемен қаласының полициясына қала тұрғыны дәмханалардың бірінің маңында өзін бірнеше белгісіз адамның жарақаттап кеткенін айтып, арызданған. Полиция қызметкерлері жедел басқару орталығының операторларымен бірлесіп, 1996, 1992 және 1996 жылы туған 3 күдіктіні анықтаған. Олар өз кінәсін мойындады.

Ұсталғандарға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалған.

Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама