×

Ақмола облысында 29 миссионер дін уағыздап жүр

Облыста 190 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді

 Еркеғали Болатұлы 23.07.2023 | 12:50
фото: pravmir.ru

Биыл Ақмола облысында 7 миссионер тіркеуден өтіп, куәлік алған.

Облыста 190 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді. Оның 90-ы – ислам, 46-сы – православтық, 41-і – протестант, 11-і – католиктік бағыттағы, 1-еуі – Бахаи діні және 1-еуі – Ақмола облысының Кришна Сана қоғамы. Өңірдегі жалпы діни нысандар саны – 152. Оның 89-ы – мешіт, 29-ы – православтық шіркеу, 12-сі – католик шіркеуі және 22-сі – протестанттық дұға үйлері, - деп жазылған облыстық әкімдік хабарламасында.

Жергілікті құзырлы органның мәліметінше, өңірде қазір уағыз жүргізетін 29 миссионер бар екен. Оның ішінде 19 адам – Польша, 5 адам – Филиппин, 1 адам – Қазақстан, 1 адам – Ресей, 1 адам – Германия, 1 адам – Швейцария және 1 адам – Италия азаматы.

«Барлық 29 миссионер католицизмді уағыздайды. Жыл басынан бері миссионерлерді тіркеу, куәлік беру бойынша 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді», - делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама