×

Алматыда жас келіншек үш баласының көзінше асылып қалды (ВИДЕО)

Үйдің тұрғындарының айтуынша, ол тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жиі ұшыраған

 Дастан Жұмабекұлы 20.07.2023 | 14:52
Фото: facebook.com

Алматыда тағы да қайғылы жағдай болды. 29 жастағы келіншек 3 баласының көзінше асылып қалды. Бұл ақпаратты әлеуметтік желіде Жібек Әменова есімді қала тұрғыны жария етті.

Қазір Алматының полицейлері осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Дереу #Немолчи қоры мен құқық қорғаушылардың телефон нөмірлері керек… Бүгін менің көршім, үш баланың анасы, жас, сұлу келіншек пәтерінде балаларының көзінше асылып қалды... Қашанға дейін жас келіншектер өз-өздеріне қол жұмсай береді?! Оған балалары да араша бола алмай қалыпты.

Үйдің тұрғындарының айтуынша, ол тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жиі ұшыраған екен... Мен мұны растай алмаймын. Алайда адам тектен-текке өз-өзіне қол жұмсамайды ғой. Исламда сүйіп қосылған жарына бар махаббатыңды сыйлау – Алла тағаланың бұйрықтарының бірі емес пе?! Қалай десек те енді мен оқиғаны бақылауда ұстауды талап етемін. Тергеу анықтайды», – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасына.

Қалалық полиция департаменті бұл оқиғаның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 105-бабымен («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») тіркелгенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама