×

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,6 трлн теңге зейнетақы төленді

Елімізде 2 млн-нан аса зейнеткер бар

 Динара Амантай 19.07.2023 | 11:19
Фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 649 млрд теңге зейнетақы төленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, оның ішінде базалық зейнетақы – 506,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 трлн 142,7 млрд теңге.

Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 300 мың адам.

Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 мың 641 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 805 теңге, базалық зейнетақы – 37 мың 836 теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама