×

Түркістан облысында басқарма басшысының орынбасары қамалды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 18.07.2023 | 15:56
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында басқарма басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикордың мәліметінше, ведомствоның Түркістан облысы бойынша департаменті «Бизнеске жол» жобасын іске асыру аясында цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

Ол мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және цифрландыру қызметтерін көрсетуге, орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқаны үшін 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Шарттың жалпы сомасы – 280 млн теңге. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама