×

Қарағандыда қашып кеткен қылмыскер ұсталды

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 18.07.2023 | 11:46
Фото: polisia.kz

Қарағандыда медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қарағанды қалалық ПБ Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қашқынды ұстау мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Оның барысында ауруханадан қашқан сотталған азамат қаладағы гараждардың бірінің маңынан ұсталды. Ол полиция бөліміне жеткізілді.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған ер адамның медициналық мекемеден қашып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама