×

Бүгінде жаңа Қазақстанды құру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстырып отыр – Тоқаев

Президент ел азаматтарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

 Халық үні 01.05.2022 | 08:05
коллаж: Halyq Uni

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мамырдың осы мамыражай мерекесі – еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының символы. Достық және өзара түсіністік дәстүрлері халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл қасиеттер берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып отыр.

Тағдырдың жазуымен кең байтақ қазақ жерінде тоғысқан әр алуан мәдениеттер тұтаса келе ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. Біздің мақсатымыз бір, құндылықтарымыз ортақ. Мызғымас бірліктің арқасында қиындықтан қаймықпай, жаһандық сын-қатердің бәрін еңсеріп келеміз, – дейді мемлекет басшысы.      

Оның пікірінше, бүгінде жаңа Қазақстанды құру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстырып отыр. Бұл идея ел азаматтарының жасампаздық қуатынан бастау алады.

«Мемлекетімізді жан-жақты жаңғыртуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Аспанымыз әрдайым ашық болсын!», – деді ол.

Бұған дейін елімізде қандай және қанша ұлт өкілі тұратынын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама