×

Президент тапсырмасы: министр тозығы жеткен полиция бөлімшесіне барды (ВИДЕО)

Облыс әкімі бөлімшені жөндеу үшін қаржы тауып беруге уәде берді

 Дәурен Ерболат 14.07.2023 | 16:22
Скрин видео

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов шекарада орналасқан Катонқарағай ауданына барды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ведомсто басшысы Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ермек Көшербаевпен бірге аудандағы тозығы жеткен полиция бөлімшесін барып көрді.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы ұлттық құрылтайда шекара шебіндегі Катонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарының мәртебесін қайта қалпына келтіруді тапсырған болатын.

Марат Ахметжанов ғимараттың жай-күйін, қызметкерлердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін бақылап, жергілікті полицияның жұмысын тексеріп, олармен сөйлесті.

Аудандағы полиция бөлімшесі өткен ғасырдың 80-жылдары салынған. Алайда ғимарат 10 жылдан аса уақыт жөнделмеген.

Министр облыс әкімімен тозығы жеткен ғимаратты жөндеу мәселесін талқылады. Ермек Көшербаевпен жақын арада полиция бөлімшесін жөндеу және оның толық жұмыс істеуі үшін бюджеттен кезектен тыс қаражат бөлу мәселесі қаралатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама