×

Шымкентте 3 жігіт көлікте марихуана шеккен (ВИДЕО)

Қалада соңғы аптада бейнебақылау камераларының көмегімен 8 қылмыс ашылды

 Динара Амантай 13.07.2023 | 14:11
Фото: polisia.kz

Шымкентте көлікте есірткі шеккен 3 жігіт ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Олардың оғаш әрекетін бейнебақылау камералары арқылы түнгі уақытта кезекшілікте болған жедел басқару орталығының инспекторлары байқап қалған. Орта жастағы ер адам көліктің жүк салғышында пластикалық бөтелкеден түтік жасап, достарының арасында есірткілік шөпті шеккен. ЖБО-ның хабарлауымен оқиға орнына барған полиция қызметкерлерін байқаған заң бұзушылар тыйым салынған заттарды жасыруға тырысқан. Олардың бірі қағазға оралған марихуана мен түтіктің басын жұдырығына қысып жасырған.

Абай аудандық ПБ-ның анықтаушылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы («Есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеу») бойынша тіркеді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кесек, соңғы аптада ЖБО камераларының көмегімен құқық қорғау органдары 8 қылмыстық құқықбұзушылықты ашты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама