×

Министр АИ-95 бензині тапшылығы неге туындайтынын түсіндірді

Жанармай құю стансаларының бағаны көтеруге құқығы бар

 Дәурен Ерболат 12.07.2023 | 12:59
Фото: Виктор Сухоруков

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда АИ-95 бензинінің тапшылығы неге туындауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«АИ-95 маркалы бензин тапшылығы туындауы мүмкін екені байқалып отыр. Бұл Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарына, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апатқа байланысты. Қазір мұнай базалары мен зауыттарда қажет көлем жинақталып, әкімдіктердің өтініміне сәйкес осы отын жіберіліп жатыр. Иә, тұтыну көлемі жоғары болатын бағыттарда ақау (жетіспеушілік) болуы мүмкін. Тапшылық ішкі жеткізілім есебінен жойылады», - деді Сәтқалиев Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Мининстр АИ-95 бензині бағасы реттелмейтін отын түрі болып саналатынын атап өтті.

Сондықтан жанармай сатушылар бағаны көтеруге құқылы. Энергетика министрлігі ретінде тек баға индикаторы бойынша ұсыныс бере аламыз. Біз отынның осы түріне бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін өнім иелері және жанармай құю стансаларына иелік ететін кәсіпорындармен жұмыс жүргіземіз, - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін министр биыл жазда АИ-95 бензині қымбаттауы мүмкін екенін айтқан еді.

12 сәуірден бастап Қазақстанда жанар-жағармай (бензин, дизель отыны) бағасы қымбаттады. АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы 182-187 теңгеден (өңірге байланысты) литрі 205 теңгеге дейін (11%), дизель отыны 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін көтерілді. Өсім – 20 пайыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама