×

Биыл АИ-95 бензині қымбаттауы мүмкін

Оған сұраныс артуы ықтимал

 Дәурен Ерболат 27.06.2023 | 14:28
Фото: Виктор Сухоруков

Биыл жазда АИ-95 бензині қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

АИ-92 бойынша әзірге алаңдамауға болады. Мұнай өңдеу зауыттарында, мұнай базаларында 23 күнге жететін қор бар. АИ-95 бағасы өсуі мүмкін. Мұны реттеу қиын, себебі жаз кезінде сапар көбейеді. Әсіресе курорттық аймақтарда. Әзірге біз АИ-95 бағасы қымбаттауы мүмкін деген тәуекелді байқап отырмыз, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

12 сәуірден бастап Қазақстанда жанар-жағармай (бензин, дизель отыны) бағасы қымбаттады. АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы 182-187 теңгеден (өңірге байланысты) литрі 205 теңгеге дейін (11%), дизель отыны 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін көтерілді. Өсім – 20 пайыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама