×

Іле-Балқаш резерватындағы табиғи өрт сөндірілді

Өрттің ауданын уәкілетті комиссия айқындайтын болады

 Динара Амантай 10.07.2023 | 14:55
Фото: ашық дереккөз

Іле-Балқаш резерватындағы табиғи өрт сөндірілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 18:10-да өрт оқшауланып, бүгін сағат 11:24-те сөндірілген. Өрттің нақты ауданын уәкілетті мемлекеттік органдардың комиссиясы айқындайтын болады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетсек, 6 шілдеде сағат 21:00-де Алматы облысының ТЖД-ға Қараой ауылдық округінде «Іле-Балқаш» МТР» РММ аумағында жетуі қиын, батпақты, жолсыз жерлерде қамыстың жанғаны туралы хабарлама түскен болатын.

Өрт орнына келгеннен кейін қамыс өртінің екі кордон аумағында болғаны анықталды. 26 адам және 13 техниканың күшімен, оның ішінде «Іле-Балқаш» МТР» РММ және Алматы облысы ТЖД-ның мотопомпалары, жүзу құралдары пайдаланыла отырып, барлық жану ошақтарын сөндіру бойынша жұмыс жүргізілді.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

«Іле-Балқаш» РММ-нің күштері мен құралдары қарауылда қалды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама