×

Елімізде 17 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Бүгінде микронесиелеу секторында 252 микроқаржы ұйымы жұмыс істейді

 Дастан Жұмабекұлы 10.07.2023 | 13:40
Фото: Halyq Uni

2022 жылдың басынан бастап Қазақстанда 17 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды.

Қазір елімізде микронесиелеу секторында 252 микроқаржы ұйымы жұмыс істейді.

Мұндай деректер «Ашық НҚА» порталында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжатта қамтылған.

Микронесие беру секторында 252 микроқаржы ұйымы өз қызметін іске асыруға лицензия алған. Бұл ретте 2022 жылдың басынан бастап 17 компания лицензиясынан айырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы заңнамасында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тануға әкеп соққан тұлғаларды есепке алуды жүргізу мүмкіндігі көзделмеген.

Осыған байланысты олардың өзге қаржы ұйымдарында басшылық лауазымға орналасуына жол бермеу мақсатында осы тұлғалардың есебін және бақылауын жүргізуді ұсынады. Осылайша, уәкілетті орган жосықсыз адамдардың қаржы секторындағы лауазымдарға орналасуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдай алады», - делінген құжатта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама