×

Ақтөбеде құтқарушылар 4 адамды өлімнен аман алып қалды

ТЖД қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді

 Динара Амантай 09.07.2023 | 17:32
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбеде құтқарушылар 4 адамды өлімнен аман алып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Олыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Ақтөбе қаласындағы жағажай демалыс базаларының бірінде, Елек өзенінде катамаранды ағыс алып бара жатқаны туралы 112 құтқару қызметіне хабарлама түскен. Су көлігінде 3 адам болған.

Жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу құтқару жұмыстарына кірісті. Олардың күшімен 14 жастағы екі жасөспірім және 20 жастағы азамат құтқарылып, катамаран ағыстан жағаға шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Одан кейін құтқарушылар арғы беттен бір адамның жүзіп келе жатқанын көріп, оған көмек қажет екендігін байқаған. Суға батып кетуден 25 жастағы ер адам құтқарылды.

Ақтөбе облысы ТЖД тұрғындарды суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама