×

Шымкентте 20 млн теңге қарызын төлемеген әйелдің көлігі айыптұраққа қойылды

Оны ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлері мен сот орындаушылары жіберілді

 Еркеғали Болатұлы 05.07.2023 | 16:55
фото: ашық дереккөз

Шымкентте полицейлер 20 млн теңгеге жуық қарызы бар жүргізуші әйелді анықтады.

Қалалық ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері «Қорғау» бағдарламасы арқылы төленбеген қарызы бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алған. Сол сәтте BMW иесінің 20 млн теңгеге жуық берешегі бар екендігі анықталды.

Тамерлан тасжолында тұрған көлікті ұстау үшін онда патрульдік полиция қызметкерлері мен сот орындаушылары жіберілді. Әйелге борышын өтеу туралы ескерту жасалды. Ал оның көлігі айыптұраққа қойылды. Жүргізуші оны қарызын толық төлеген соң ғана қайтарып ала алады.

Еске сала кетсек, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы «Қорғау» қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заңбұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама